Сөздәйектер галереясы
Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.
Әл-Фараби
Қозыбаев университеті: ЖИ-дрондар бағытындағы жаңа жобалар
Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Мәлік Олжабеков ЖОО-ға келді.
Ол университеттің IT-инфрақұрылымымен және цифрлық шешімдерді енгізу жобаларымен танысты.
Басқарма Төрағасы –Ректор Ербол Исақаев университеттің қызметі туралы айтып өтті. Бүгінгі таңда Қозыбаев университетінде ЖИ және цифрлық технологиялар саласында бірнеше ірі ғылыми жобалар іске асырылады. Аризона университетімен стратегиялық әріптестік қарапайым күкіртті полимерлеу, су ресурстарын зерттеу және азық-түлік қауіпсіздігі бағыттарында озық ғылыми жобаларды дамытуға қуатты серпін береді.
ГАЖ технологиялары зертханасында мамандарды даярлау және жерді қашықтықтан зондтау бойынша зерттеулер жүргізіледі. Университет оқу дрондары мен ұшақ типіндегі өнеркәсіптік құрылғылармен жабдықталған. Негізгі серіктес — Geoscan Kazakhstan компаниясы. Вице-министрге өңірдегі ЖОО базасында шағын көлемді антенна орнату арқылы космомониторинг орталығын құру жөніндегі бірлескен жоба таныстырылды. Бұл бастама студенттерге спутниктермен нақты уақыт режимінде байланыс орнатып, деректерді қабылдап, өңдеуге, әрі болашақта өздерінің нано-спутниктерін әзірлеуге мүмкіндік береді.
Мәлік Олжабеков елімізде отандық жоғары оқу орындарының базасында ҰҰА әзірлеуді жүргізу қажет екенін атап өтті: «Ғылымды дамытып, дрондарды зерттеуге назар аудару маңызды.Студенттер үшін бұл тақталар мен бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу дағдыларын меңгеруге жақсы мүмкіндік».
Сонымен қатар, вице-министрге Tomorrow School аясында әзірленген студенттік жобалар ұсынылды. Олардың қатарында ЖИ негізіндегі сотталғандарға арналған құқықтық кеңесші: қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі азаматтардың бейнетаксофондар арқылы өзекті құқықтық ақпаратқа қауіпсіз әрі бақыланатын түрде тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ жол-көлік оқиғалары деректерін талдау арқылы қауіпті аймақтарды айқындайтын және жауапты органдарға нақты ұсынымдар ұсынатын жолдардағы зияткерлік картасы таныстырылды.
06.05.2026
