Сөздәйектер галереясы
Нағыз білім, дененің шынайы мәдениеті сияқты, үйлесімділік пен оған деген ұмтылыс, бұл қол жеткізілген мақсатты сезіну және сонымен бірге алға жылжу ниеті
Герман Гессе
Амир Агзамов — Аризона университетінің беделді марапатының лауреаты
Kozybayev University мен University of Arizona-ның «Биотехнология» бағыты бойынша қос диплом бағдарламасының 4-курс студенті Амир Агзамов University of Arizona Ауыл шаруашылығы, өмір және қоршаған орта ғылымдары колледжінің Distinguished Senior Award («Үздік түлек») марапатына ие болды.
7 мамыр күні University of Arizona бас кампусында салтанатты қабылдау рәсімі мен колледждің үздік түлектерін марапаттау кеші өтті. Амир беделді марапаттың иегері ретінде арнайы шақырылды.
Құттықтаймыз!
12.05.2026
