Сөздәйектер галереясы
Мұғалім - зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі іспетті.
Қозыбаев университетінің білім беру бағдарламалары CAAAE аккредитациясынан өтуде
Қозыбаев университетінің білім беруді аккредиттеу жөніндегі Орталық Азия қауымдастығының (CAAAE) сараптамалық тобы өз жұмысын бастады. Екі күн ішінде университеттің 7 Білім беру бағдарламасының сапасын бағалау жүргізіледі:
* 6B01601 Тарих;
* 6B07101 Машина жасау;
* 7M07101 Машина жасау;
* 6B01506 География;
* 6B06106 басқарудағы ақпараттық жүйелер ҚББ;
* 6B06203 Электроника және телекоммуникациялар ҚББ;
* 6B01103 Білім берудегі психология ҚББ.
Мамандандырылған аккредиттеу рәсімі шеңберінде сарапшылар білім беру бағдарламаларының мазмұнымен, материалдық-техникалық базасымен, ғылыми және оқу қызметінің нәтижелерімен танысады, сондай-ақ университет басшылығымен, оқытушылармен, студенттермен және жұмыс берушілермен кездесулер өткізеді.
Аккредиттеуден өту мамандарды даярлау сапасын растаудың және университеттің білім беру қызметін одан әрі дамытудың маңызды кезеңі болып табылады.
