"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Шәкірт болып көрмеген, ұстаз болып жарытпас.

Боэций

Қос диплом бағдарламасының түлегі АҚШ магистратурасында оқуын жалғастырады

 

«Биотехнология» қос дипломды білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Кристина Борисова Аризона университетінің Өсімдіктер туралы ғылымдар мектебінің магистратурасында оқуға ресми шақыру алды. Ол оқуын 2026 жылдың тамыз айында бастайды.

Кристина СҚО Мамлют ауданының ауыл мектебін үздік бітіріп, Қозыбаев университеті мен Аризона университетінің қос диплом  бағдарламасына қабылданған алғашқы студенттердің бірі болды.  Бағдарлама шеңберінде білім алушы ағымдағы оқу жылының күзгі семестрінде АҚШ-тағы Аризона университетінің бас кампусында оқыды. Оқу барысында студент өзін ғылыми-зерттеу қызметінде белсенді жас зерттеуші ретінде көрсетті.

Кристина бірқатар ғылыми жарияланымдардың авторы, сондай-ақ команда құрамында «Биотехнология»  білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиадада III орын алды.

Аризона университеті Кристинаға оқу ақысын, медициналық сақтандыру және ғылыми-зерттеу жұмыстарына байланысты  негізгі шығындарды қамтитын академиялық әрі қаржылық қолдау пакетін ұсынды.  Болашақта ол ғылыми-зерттеу және оқытушылық- көмекші бағдарламаларына қатысу арқылы оқу мен ғылыми жұмыстарды қатар алып жүреді. Мұндай тәжірибе АҚШ-тың жетекші зерттеу университеттерінде кеңінен қолданылады және талантты жас ғалымдарды қолдауға бағытталған.

Кристинаның ғылыми қызығушылықтары агробиотехнологиямен және өсімдіктердің геномдық зерттеулерімен байланысты. Ол дақылдардың климаттық өзгерістерге тұрақтылығы және ауыл шаруашылығы үшін практикалық маңызы бар шешімдерді іздеу мәселелеріне ерекше назар аударады.

15.05.2026