Сөздәйектер галереясы
Нақты ғылымдардың ұдайы жасарып-жаңғырып тұруының құпиясы - олардың қашанда ой жаңартуға әзір тұратындығында жатса керек.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ мен Аризона университетінің қос дипломды бағдарламасының 3 курс студенттері үшін Study Arizona бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
Құрметті М.Қозыбаев атындағы СҚУ мен Аризона университетінің қос дипломды бағдарламасының 3 курс студенттері!
Study Arizona алмасу бағдарламасына қатысу үшін іріктеу кезеңінің басталғанын хабарланады. Бұл бағдарлама аясында Аризона Университетінде 1 семестр шеңберінде білім алу мүмкіндігі ұсынылады.
Негізгі ақпарат:
- Орын саны: Сапарға жалпы 30 орын қарастырылған. Орындар саны үш білім беру бағыты арасында тең бөлінген: «Биотехнология», «Басқарудағы ақпараттық жүйелер», «Инклюзивті білім беру» бағдарламаларының әрқайсысына 10 орыннан берілген.
- Бағалау жүйесі: Студенттер 100 балдық жүйе бойынша бағаланады. Ұпайлар төрт көрсеткіштің қосындысынан құралады: екі университеттегі академиялық үлгерім (GPA), жетістіктер портфолиосы, ағылшын тілінде жазылған мотивациялық эссе және оқытушылардың бағалуы.
- Қатысуға қойылатын талаптар: Қатысу үшін студенттің ағымдағы академиялық қарыздары мен тәртіптік жазаның болмауы және жарамды шетелдік паспортының болуы керек, немесе АҚШ визасына өтінім беру мерзіміне дейін оны рәсімдеуге міндеттеме беру.
Іріктеу үдерісін Халықаралық кампус негізінде үйлестіріледі. Аризона университетіндегі Study Arizona бағдарламасына 2026-2027 оқу жылына қатысу үшін студенттерді іріктеу бойынша нақты ақпарат: саясат және нұсқаулық ақпараттық тарату арқылы жеткізіледі.
Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 19 мамыр сағат 14:00-ден 25 мамыр сағат 23:59-ға дейін жүзеге асырылады.
Байқау нәтижесінде іріктеуден өтпеген немесе Study Arizona бағдарламасы аясындағы сапардан өз еркімен бас тартқан студенттер үшін оқу үдерісі, аралас (онлайн/офлайн) форматта ұйымдастырылатынына назар аударуыңызды сұраймыз.
