"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Білімді бір сауыттан екінші сауытқа құйғандай біреудің ділінен екінші біреудің діліне қотара салуға болмайды.

Платон

Қозыбаев университетінің қызметкерлері «GREEN FUTURE UNIVERSITIES» халықаралық онлайн-дөңгелек үстеліне қатысты

Тұрақты даму саласындағы ғалымдар, зерттеушілер, оқытушылар, сарапшылар шақырылды. Біздің университеттен Стратегия және даму департаментінің директоры, тұрақты даму жөніндегі үйлестіру тобының жетекшісі Марина Погребицкая және Математика және жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы, Үйлестіру тобының экологиялық бағытының жетекшісі Анна Корнилова сөз сөйледі.

«ЖОО-аймақтық сын-қатерлерді жаһандық шешімдерге айналдырады.  Тұрақты даму есептер мен рейтингтен бөлек, ғылымды дамыту, аймақтың белгілі мәселелерін шешу және серіктестіктер құру жұмыстарына бағытталған. Біз орнықты даму міндеттерін табиғи түрде шешетін жобалар жасаймыз», -деді спикерлер.

Бүгінде университетте тұрақты даму мақсаттарына жауап беретін жобалар іске асырылады:

– Қазақстанда алғаш рет Аризона университетімен стратегиялық әріптестік;

-СҚО-да цифрлық мониторинг және суды тазарту жөніндегі халықаралық жоба;

- Бидай мен күріштің төзімді сорттарын жасауға арналған функционалды геномика және биоинформатика мектебі;

- Қазақстан-Қытай Агротехнологиялық паркі;

- Күкіртті пайдалы полимерлер мен тыңайтқыштарға өңдеу технологиялары.

Біздің міндетіміз бен мақсатымыз-аймақ және болашақ үшін жұмыс істейтін ғылым ортасын құру.

22.05.2026