"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов

Ислам Евлоев грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

Ислам Евлоев грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

 

Вьетнамның Дананг қаласында күрес бойынша жастар чемпионаты басталды (U23). Қазақстан құрамасының қоржынына Қозыбаев университетінің дене шынықтыру және спорт кафедрасының студенті Ислам Евлоев алтын медаль алып келді.

Ислам 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, барлық төрт белдесуінде де сенімді жеңіске жетті.

Ислам Евлоев -жастар арасында әлем чемпионы және ересектер арасындағы Азия Чемпионатының жүлдегері, Хорватияда өткен «Zagreb Open» рейтингтік турнирінің және Эр-Риядтағы VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Халықаралық аренадағы жарқын жеңісіңіз құтты болсын!

25.05.2026