"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

...баланы сүйе білуге үйрету - өмірдегі ең маңызды нәрсеге үйрету деген сөз.

В.А.Сухомлинский

«Күміс университет» тыңдаушыларына сертификаттар табысталды

Қозыбаев университетінде көктемгі семестрді сәтті аяқтаған «Күміс университет» тыңдаушыларына сертификаттар табысталды
Жоба аға буын өкілдеріне арналған және үздіксіз білім алуға бағытталған. Қатысушыларға цифрлық сауаттылық, тілдерді меңгеру, денсаулық сақтау, құқықтық сауаттылық және шығармашылық даму бағыттары бойынша курстар ұсынылады.
2025 жылы ЖОО Қазақстандық күміс университеттер қауымдастығының мүшесі атанды, сондай-ақ үшінші жастағы университеттердің халықаралық қауымдастығымен (AIUTA) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл тәжірибе алмасуға және тыңдаушылардың түрлі білім беру бастамаларына қатысуына жаңа мүмкіндіктер ашты.
Қазіргі уақытта университетте «Күміс университет» бағдарламасы аясында 7 курс жүзеге асырылады. Сабақтар аптасына екі рет өткізіледі. Көктемгі семестрде «Йога», «Travel-журналистика» және «ЖИ кіріспе» бағыттары бойынша үш топ білім алды. Оларға шамамен 35 тыңдаушы қатысты.

Қазақстандық күміс университеттер қауымдастығының жұмысы аясында біздің төрт тыңдаушымыз маусым айында Зерендіде өтетін жазғы мектепке қатысады.
Айта кету керек, бұл – оқу ордамыздағы тыңдаушылардың екінші легі. Алғашқы 27 адамнан құралған топ күзгі семестрді тәмамдаған болатын.
Бүгінде «Күміс университетке» қабылдау жалғасады. Тілек білдірушілер университет сайтынан курстар тізімімен танысып, Үздіксіз білім беру институтына өтініш бере алады(10-оқу корпусы, 514-аудитория).  Бағдарламаға университет қызметкерлері мен зейнеткерлер, сондай-ақ 50 жастан асқан қала тұрғындары қатыса алады.
02.06.2026