Сөздәйектер галереясы
Бәрін өзіңе бағындырғың келсе, онда өзіңді ақылға бағындыр
Үндістандағы халықаралық тағылымдама
Қозыбаев университетінің өкілдері Үндістандағы O.P. Jindal Global University ұйымдастырған Naveen Jindal Young Global Research Fellowship (NJYGRF) халықаралық ғылыми-зерттеу бағдарламасына қатысуда.
O.P. Jindal Global University — QS халықаралық рейтингтерінде жоғары орындарға ие, ағылшын тілінде білім беретін және халықаралық құрамымен ерекшеленетін Үндістанның жетекші жекеменшік көпсалалы университеттерінің бірі. Мұнда әлемнің 100-ден астам елінен келген 16 мыңнан астам студент білім алады.
Бір айға созылатын бағдарлама әлемнің түрлі елдерінен келген зерттеушілер мен оқытушыларды біріктірді. Бағдарлама тәжірибе алмасуға, ғылыми пікірталастар жүргізуге және заманауи зерттеу бағыттарымен танысуға мүмкіндік береді.
Тағылымдама барысында қатысушылар халықаралық сарапшылардың дәрістеріне қатысып, ғылыми зерттеулердің озық тәсілдерін меңгеріп, әртүрлі мемлекеттерден келген әріптестермен кәсіби байланыс орнатып, болашақтағы бірлескен жобалардың негізін қалыптастырады.
Халықаралық тағылымдама – жаңа білім мен тәжірибе алуға, кәсіби көкжиекті кеңейтуге және академиялық серіктестікті нығайтуға жол ашатын маңызды алаң. Алынған тәжірибе университетіміздің ғылыми әлеуетін арттыруға, студенттердің сапалы білім алуына және халықаралық ынтымақтастықтың дамуына жағдай жасайды
