"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ғылым үшін тіл мен жазу - қаймағы алынбаған мәдени игілік.

Олжас Сүлейменов

Қозыбаев университеті робототехника және мехатроника саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді

Қозыбаев университетінің өкілдері Астанада өткен «Цзянсу - Орталық Азия» білім және өнеркәсіп интеграциясы Альянсының ауқымды форумының жұмысына қатысты.

Шара аясында  университетіміз, Накин технологиялық мехатроника институты және «C2K International Education» ЖШС қазақстандық компаниясы арасында ынтымақтастық туралы үшжақты шарт жасалды .

Келісім арқасында білім алушылар, ғалымдар мен оқытушылар ҚХР –да роботтандырылған кешендер мен мехатроника бағыттары бойынша тағылымдамадан өте алады. ПО құраммен алмасу, PhD диссертацияларды басқару, сондай-ақ магистранттарды оқыту және бірлескен қос дипломды бағдарламаларды ашу іске асырылады.

ЖОО студенттері ҚХР-да іске асырылған ЖИ саласындағы Халықаралық инновациялар конкурсы (IEIC) шеңберінде өткен Орталық Азия робототехникасы бойынша арнайы жарыста жүлделі орындарға ие болды.

«Көлік және машина жасау» кафедрасының білім алушылары Александр Сивун, Максат Аманжолов және Дмитрий Лифанский (NorthBotics командасы) Қазақстан, ҚХР және Орталық Азия елдерінен келген 15 қатысушы команда арасында зияткерлік сайыста жоғары нәтиже көрсетті!

«5 нысанды анықтап, кедергілерді айналып өту арқылы оларды жинақтау аймағына жеткізумен ақылды қойма мен ауыл шаруашылығы жинау процесін модельдеу» техникалық тапсырмасы бойынша команда  III орынды иеленді.

Ал «Келушілерді тауып, динамикалық кедергілерді еңсере отырып, екі тілдік ортада (EN/CH) робот-гидті бағдарламалау» тапсырмасында одан да үздік нәтиже көрсетіп, II орын алды.

Команданың ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Максим Рахматуллин.

Университетіміздегі  «Машина жасаудағы Робототехника» білім беру бағдарламасы үшін бұл үлкен серпіліс. Қатысушылар мен оқытушылар құрамын жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз!

15.06.2026