"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Мердігерлері бөлетін қаражат есебінен 2026–2027 оқу жылында оқу ақысын төлеуге үміткерлерді іріктеу конкурсы туралы NCOC N.V., KPO B.V.

«KAZENERGY» қауымдастығы 2026–2027 оқу жылына Мердігерлер (NCOC N.V., KPO B.V.) бөлетін қаражат есебінен оқу ақысын төлеуге үміткерлерді іріктеу жөніндегі байқауға (бұдан әрі – Байқау) өтінім қабылдау 25 шілдеден бастап 31 тамызға дейін ашылатынын хабарлайды.

Өтінім беру үшін үміткерлер келесі талаптар мен критерийлерге сай болуы қажет:

  1. Қазақстан Республикасының азаматы болуы.
  2. ЖОО немесе колледжге нақты қабылданғаны немесе оқып жатқаны (оқушыда қаржылық берешектің болмауы қажет).
  3. Оқу үлгерімі келесі көрсеткіштерге сәйкес болуы:

-  бірінші курсқа түскен тұлғалар үшін негізгі орта білім туралы куәлік немесе жалпы орта білім туралы аттестат бойынша орташа балл кемінде 4,0 (5,0-ке дейінгі көрсеткіш бойынша);

-  арнаулы (соның ішінде жұмысшы) мамандық алған және оқып жатқан үміткерлер үшін техникалық және кәсіптік білім беру туралы диплом немесе алдыңғы оқу жылы бойынша орташа балл кемінде 4,5 (5,0-ке дейінгі көрсеткіш бойынша);

-  бірінші курсты аяқтаған үміткерлер үшін GPA көрсеткіші кемінде 3,0 (B);

-  екінші немесе үшінші курсты аяқтаған үміткерлер үшін GPA көрсеткіші кемінде 3,33 (B+)** болуы тиіс.

Колледждерге оқуға түсушілер мен білім алып жатқан студенттер үшін қажетті құжаттар тізімі мен Байқауға қатысу шарттары туралы толық ақпарат https://www.kazenergy.com/ru/operation/the-development-of-human-capital/191/3912/ сайтында орналастырылған

Байқауға қатысуға қатысты сұрақтар бойынша келесі байланыс арналары арқылы хабарласуыңызды сұраймыз +7 7172-79-49-75 немесе электрондық пошта: candidate@kazenergy.com

15.06.2026