Сөздәйектер галереясы
Ғылым үшін тіл мен жазу - қаймағы алынбаған мәдени игілік.
«ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН – ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ»
«Esil University» 2026 жылғы 20 қазанда Қазақтың ұлы ағартушысы Ы. Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына байланысты «ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН – ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Конференцияның негізгі бағыттары:
1. Ы.Алтынсариннің ағартушылық көзқарастары мен мұрасы
2. Ы.Алтынсариннің ұлттық мектептің дамуына қосқан үлесі;
3. Ы.Алтынсариннің шығармаларындағы ұлттық құндылықтар және тәрбиелік идеялары
4. Ы. Алтынсариннің тіл, әдебиет мұрасы және мәдениет мәселелері
Конференцияның мақсаты – Ы. Алтынсариннің ағартушылық мұрасын, педагогикалық идеяларын, ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына қосқан үлесін зерделеу, сондай-ақ қазіргі білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелерді талқылау.
Департамент науки
