"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Сөз – халықтың қымбаттан қымбат кені.

С. Мұқанов

Мақала жариялау

Халықаралық ғылыми ынтымақтастық – беделді ғылыми басылымдағы жаңа нәтижелер
Биология кафедрасының ғалымдары (Е.В. Галактионова, А.А. Корнилова) шетелдік әріптестерімен бірлескен зерттеулерінің нәтижелерін халықаралық Plant Cell Reports журналында (Scopus, Impact Factor – 4.5) жариялады.
«Microplastics and Heavy Metals Dynamics: A Potential Threat to Soil Health and Food Safety» атты мақала қазіргі заманның өзекті экологиялық мәселелерінің бірі – микропластик пен ауыр металдардың топырақ жағдайына және азық-түлік қауіпсіздігіне әсеріне арналған. Алынған нәтижелер қоршаған ортаның ластануымен және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуымен байланысты экологиялық қауіптерді түсіну үшін маңызды ғылыми мәнге ие.
Бұл жарияланым биология кафедрасы ғалымдарының Пәкістанның көрнекті ғалымы, Исламабад қаласындағы Куэйд-и-Азам университетінің Өсімдіктер ғылымдары кафедрасының профессоры, Пәкістан Ғылым академиясының мүшесі, Халықаралық этнобиология қоғамының президенті әрі көптеген беделді халықаралық ғылыми марапаттардың иегері Шуджаул Мулк Ханмен (Shujaul Mulk Khan) жүргізген жемісті халықаралық ынтымақтастығының нәтижесі болды.
Ғылыми серіктестікті дамыту аясында профессор Шуджаул Мулк Хан мен профессор Рифат Насим Малик университетімізге арнайы келіп, «Ауыл шаруашылығы әсерінен туындайтын зиянды шығарындыларды азайту: адам денсаулығы тұрғысынан көзқарас» тақырыбында кафедрааралық семинар өткізді. Кездесу барысында ғалымдар зерттеулердің перспективалық бағыттарын талқылап, ғылыми тәжірибелерімен бөлісіп, бірлескен жұмыстың нәтижелерін таныстырды.
Авторларды ғылыми жарияланымның жарық көруімен құттықтаймыз және халықаралық ғылыми жобаларды жүзеге асыруда жаңа табыстар тілейміз!
Q1 квартиліне кіретін журналда жариялану жүргізіліп жатқан зерттеулердің жоғары деңгейін және олардың халықаралық ғылыми қауымдастық тарапынан мойындалғанын көрсетеді.
18.06.2026