"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.

Әл-Фараби

Музыкалық білімнің перспективалары

Біздің жоо-да алдыңғы аптада "Музыкалық білімнің перспективалары" атты тақырыпта өткізілген жыл сайынғы семинардың мақсаты - мәселелерді анықтау, сондай-ақ, мәдениет және музыка аясындағы жетістіктерді бағалау. оның ұйымдастырушысы - музыка пәндері кафедрасы.

Шарада музыкалық біліммен байланысты инновациялық технологиялар аясындағы жетістіктер туралы баяндамалар оқылды. Сонымен қатар "Жалпы білім беретін мектепте вокалды-аспаптық ансамбльді ұйымдастыру мәселесі" тақарыбында мастер-класс өткізілді.

Семинар тақырыбын ашатын барлық маңызды аспектілерді талқылаған соң жиналғандар СПФ оқытушылары мен студенттерінің орындауында музыкалық аспаптардың үйлесімді үнінен ләззат алды.

Осы шараның нәтижелері бойынша оқытушыларға да, студенттерге де педагогикалық жұмыста көмек көрсететін мақалалар жинағы шығарылады. 

13.11.2013