Сөздәйектер галереясы
Мен барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін: балалардағы білімге деген талап, ынта, құштарлық отын сөндіріп алмаңдар. Еңбек қуанышы еңбеккер адамның мақтаныш сезімін осы оттың тұтанар бірден-бір көзі.
В.А.Сухомлинский
Фотобайқау
"Солтүстік Қазақстанның құстарын қадағалаушы клубы" халықаралық құстар күніне (1 сәуір) арналған "Студенттің құсы" фотобайқауын өткізеді. Байқауға қатысуға М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері шақырылады.
Авторлық фотожұмыстарды 2014 жылғы 25 наурызға дейін электронды форматта Б(е)-12 тобының студенті Калашников М. (photoptic@mail.ru) қабылдайды. Файл атауында (фотосурет) автодың есімі, құстың түрі, түсірілім орны мен уақыты болу тиіс.
Жақсы жұмыстар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталады, сондай-ақ, стендтерге орналастырылады.

19.02.2014
