Сөздәйектер галереясы
Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім.
Ғабит Мүсірепов
Сенбілік
Көктем мезгілінің Петропавл қаласының аумағын жинау бойынша бірінші сенбілікке университетіміздің студенттері мен ұжымы белсенді ат салысты. Олар студенттер қалашығының аумағы мен М.Жұмабаев ескерткіші маңын жақсартты. Сенбілікке барлығы 300-ге жуық адам қатысты.
Сондай-ақ, бұл іс-шараға "Нұр Отан" партиясының" "Болашақ" филиалының өкілдері, факультеттердің бастауыш партиялық ұйымдары мен университет активі ат салысты.
Өткен жылы студенттеріміз Петропавл қаласын көріктендіруде және көшелерді жасылдандыруда белсенділік танытқан болатын. Жақсы көңілмен және сүйікті қаламызға үлкен пайда әкеледі деген сезіммен бұл жұмыс жалғасын табады деп шешілді.
17.04.2014
