"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Білімді болу деген - жаңалық ашуға қабілетті болу.

Әбу Нәсір әл-Фараби

Лайықты марапаттар

СҚМУ ғылыми кеңесі отырысында республикалық олимпиадалар жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады. 

Қатысушылар мен олардың жетекшілеріне ҚР БҒМ дипломдары мен алғыс хаттары табысталды: орыс тілі бойынша - 1 орын алғаны үшін, "Орман шаруашылығы" және "Агрономия" мамандықтары бойынша - 3 жалпы командалық орын алғаны үшін. Сонымен қатар Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-да "Ғылым және жаңа ұрпақ - 2014" атты 16-шы жооаралық конференциясына қатысқан жаратылыстану ғылымдары және спорт факультетінің студенттері мадақталды. 

Тағы да бір маңызды жайт университеттің дамуына зор үлес қосқаны үшін қаржы-экономика қызметінің басшысы Иван Шнитконың ЖОО үлкен алтын мерейтойлық медалімен марапатталуы. Сондай-ақ, музыка пәндері кафедрасының оқытушысы Сергей Коваленконың адал еңбегі үшін марапатталуы.

11.05.2014