"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Шынайы ғылымда атақ пен дәреже дәлелге жүре алмайды. Ал қателік пен надандық кейде қол ұстасып кетуі мүмкін.

Олжас Сүлейменов

8 Наурыз М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да

Дәстүр бойынша 8 Наурыз қарсанында біздің университетте оқытушылар, қызметкерлер мен студенттер үшін салтанатты жиналыс өтеді.

Залда мерекелік көңіл-күй: жылы лебіздер мен шатты жүздер.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры О.Әшімов барлық қатысушыларды халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

— Бүгінгі тамаша көктем мерекесімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!  Біздің университетте қызметкерлердің 76% –  963 адам әйелдер, студенттер қауымының жартысынан көбі  қыздар құрайды.

Осы күні 11 әйел университет мерейтойына арналып шығарылған Үлкен алтын медальмен марапатталды. Олардың ішінде: еңбек ардагерлері, тәрбие ісі жөніндегі проректор,  декандар мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары.

Университет оқытушылары, қызметкерлері мен студенттеріне ректор грамотасы табыс етілді.

Іс-шараны мерекелік концерт жалғастырды.

 

 

11.03.2013