Сөздәйектер галереясы
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Жалпыға бірдей құқықтық оқу
Қаламыздың барлық оқу орындарында СҚО ІІД бастамасымен "Жалпыға бірдей құқықтық оқу" жүргізілді. Біздің университет те ерекшеленбеді.
28-31 қазан аралығында оқу ордамызда құқықтық заңнамалар мен сот ісін жүргізу жөнінде ақпараттық-насихаттау тобы жұмыс істеді. Осы уақыт ішіндще ІІД өкілдері барлық факультеттер мен Тіл және әдебиет институтының студенттерімен, сонымен қатар, өздік басқару және жастар ісі жөніндегі комитеттің белсенділерімен кездесті. Олармен әкімшілік құқық бұзушылық аясындағы заңдар мен құқықтық жазалау жүйесі туралы әңгіме жүргізілді. Тыңдармандар атап өткендей, мұндай түрдегі кездесулер өз құқықтық сауаттылығыңды арттыруға мүмкіндік беріп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға көмектеседі.
"Жалпыға бірдей құқықтық оқу" шеңберінде жастардың дәрістермен қатар тренингтер мен семинарларға қатысуы жоспарлануда.