"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Өзінен бұрынғылар айтқан пікір, ғылыми қорытындыларын бүкпей де, бүркемей де әділ бағасын беру, дұрысын қолдап, терістігін сынай отырып іздену арқылы ғана ғылым ілгерілемек.

Қажым Жұмалиев

Тұңғыш Президент күні

1991 жылғы 1 желтоқсанда барша халық бір дауыспен еліміздің Тұңғыш Президентін Н.Ә.Назарбаевты таңдады. Қазіргі таңда біз бұл күнді мемлекеттік мереке ретінде тойлаймыз. 

Елбасымыздың дана саясатына деген өз қолдауын университетіміздің ұжымы "Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - халықаралық деңгейдегі көшбасшы" атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда білдірді. 

Конференцияда университет ректоры "Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың конфессияаралық толеранттылық және ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделін қалыптастырудағы рөлі" тақырыбында рефераттар сайысының жеңімпаздарын, оқудағы жетістіктері үшін, оқу ордамыздың ғылыми және қоғамдық өміріне қатысқаны үшін үздік студенттерді сертификаттармен марапаттады. 

05.12.2014