"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Өзінен бұрынғылар айтқан пікір, ғылыми қорытындыларын бүкпей де, бүркемей де әділ бағасын беру, дұрысын қолдап, терістігін сынай отырып іздену арқылы ғана ғылым ілгерілемек.

Қажым Жұмалиев

ИТФ-та ашық есік күні

Инженерлік-техникалық факультет (ИТФ) көлік, құрылыс, радиоинженерияб машина жасау, стандарттау және дизайн саласында техника және технология бакалаврларын даярлайды.

8 желтоқсанда ИТФ-та ашық есік күні өткізілді. Іс-шара ұйымдастырушысы "Көлік және машина жасау" (КжМ) кафедрасы болды.

Болашақ талапкерлер үшін кәсіби құрал-жабдықтарда жұмыс істеу дағдысын дамытуға және зерттеулер жүргізуге өте ыңғайлы оқу және ғылыми зертханалар бойынша экскурсия ұйымдастырылды. КжМ кафедрасы оқу ордамызда зертханалардың саны бойынша көшбасшылар қатарында (9 шынайы-виртуалды және 11 қалыпты зертхана).

Осы күні оқушылар үшін студенттер өмірінің есігі де ашылды және бұл оқиға көпке дейін олардың естерінде қалмақ.

10.12.2014