"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Көңіл - терең теңіз, білім - тереңінде жатқан інжу-маржан.

Жүсіп Баласағұн

ҚХА семинары

Оқу ордамызда "Қазақстан халқының ауыз әдебиеті дәстүрі" тақырыбында оқу-танымдық семинар өтті. Іс-шараға облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясының өкілдері, Солтүстік Қазақстанның С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының, Облыстық қуыршақтар театрының әртістері, университетіміздің оқытушылары мен студенттері қатысты. 

Фольклор - халық жанының айнасы. Дәл осы ауызша шығармашылықтың түрі этностардың ерекшеліктерін бейнелейді. Бұл ұрпақтан ұрпаққа таралатын, ата-бабаларымыздың өмірі, тіршілік әрекеті және салт-дәстүрі туралы мәлімет беретін шығармашылықтың бір түрі. 

Кездесу барысында қонақтар студенттер дайындаған түрлі халықтардың мақал-мәтелдері туралы фильмді тамашалады.

Мұндай үлгіде өткізілетін семинарлар танымдық қасиетке ие әрі қызықты деп айтуға болады. Осы жыл Қазақстан Халқы Ассамблеясының жылы деп жариялануына байланысты осы секілді іс-шаралардың қатары көп болмақ.

02.02.2015