Сөздәйектер галереясы
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
ҚХА дәрісі
Оқу ордамызда Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай іс-шаралар өткізілуде. Кезекті кездесуде армян этномәдени бірлестігінің өкілдері студенттерге біздің өңірде өмір сүріп жатқан армян ұлт өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрі туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар, Ассамблеяның құрылу тарихы туралы дәріс оқылды. Кездесуге қатысушылар тыныштық сақтап, бірлікте өмір сүру гүлденеіп келе жатқан мемлекеттің басты нышаны болып табылатынын және Қазақстан Халқы Ассамблеясының ерекше рөл атқаратындығын атап өтті. Мұндай іс-шаралар этносаралық бірлік, татулықты сақтауға, жастарды патриоттық сезімде тәрбиелеуге бағытталған.
