Сөздәйектер галереясы
...адам баласы ұшқыр ой, көп ақыл, өткір сезім қайратының арқасында ғылым, білім, өнер тауып, өзгеден үстем дүние жүзінің қожасы болып отыр.
Студенттеріміздің жеңісі
Жақында Талдықорғанда Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде студенттердің «Ілияс әлемі» атты республикалық жастар фестивалі өткен болатын. Осы байқауға біздің университеттің «Тіл және әдебиет институтынан» 3 студент қатысып, жүлделі орындармен оралды.
Байқауға еліміздің әр аймағындағы жоғарғы оқу орындарынан 120-дан астам студент қатысқан. Әдеби-мәдени сында студенттер үш номинация бойынша білімдерін сынаған. Атап айтқанда, зияткерлік, жыр мүшәйрасы және ғылыми жобалар. Екінші аталым бойынша бағын сынаған Айымгүл Қадірменова артқан сенімді ақтап, үздік үшінші орынды алып қайтты. «Соғайын сөзімнен бір сұлу сарай» атты аталымда ынталандыру сыйлығына Саят Ермек ие болды.
