Сөздәйектер галереясы
Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ. Бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні онан да маңыздырақ. Мұғалімдер, міне, осынысымен бағаланады.
"Қазақ тілі" кафедрасы мемлекеттік тілді білу сайысын өткізді
Тілдер апталығы аясында "Қазақ тілі" кафедрасында орыс тілді студенттер арасында мемлекеттік тілді білу сайысы өткізілді. Бұл сайысқа қазақ тілінде еркін сөйлейтін бірінші курс студенттері қатысты.
Студенттер екі топқа бөлінді: «Достар» және «Болашақ». Сайыс 5 кезеңнен тұрды, әрбір кезең өз алдына ерекше және күрделі болды. Студенттер сөздерді тауып, өз ойларын білдірді, мақал-мәтелдер айтты. Болашақ журналист Богдан Петров екі тілді жетік меңгергенімен мақтанады.
Сайыстың барлық қатысушылары жақсы нәтижелер көрсетіп, жеңімпаз атануға тырысты, алайда бірінші орынды "Достар", екінші орынды "Болашақ" командасы иеленді. Студенттер алғыс хаттармен марапатталды.
