Сөздәйектер галереясы
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Университет QS Emerging Europe & Central Asia рейтингісіне енді
Tengrinews Quacquarelli Symonds британдық компаниясы құрған дамушы Еуропа және Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындарының рейтингісіне Қазақстанның 14 университеті енгенін хабарлайды.
Оқу ордамыз 131-140 орындарды иеленіп, осы жоғары оқу орындарының қатарына енді.
QS EECA рейтингісіне (Emerging Europe & Central Asia) барлығы 150 жоғары оқу орны қатысқан. Тізім басында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті орналасқан. Екінші орында - Ресей жоғары оқу орны, Новосібір мемлекеттік университеті. Көшбасшылар бестігіне Чех Карлов университеті, Тартур университеті мен Санкт-Петербург мемлекеттік университеті кірді.
Жоғары оқу орындарының орындары келесі тоғыз критерий бойынша орналастырылды:
- академиялық бедел;
- жұмыс берушілер арасындағы бедел;
- профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттердің арақатынасы;
- ПОҚ-тың жариялау белсенділігі;
- ғаламтор-ресурстарының тиімділігі;
- ғылыми дәрежесі бар ПОҚ үлесі;
- ғылыми жарияланымдардың дәйектемеленуі;
- шетел ПОҚ-ның үлесі;
- шетел студенттерінің үлесі.
