"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Жақсы ұстазға қандай қасиеттер тілеуге тиіспіз? Өзінің оқытатын пәнін терең білуді, адал да сезімтал жан дүниесі болуын...

Д.Дидро

«Салт-дәстүрлер – алтын қазына» байқауы

"Қазақ тілі" кафедрасы студенттер арасында "Салт-дастурлер – алтын қазына" тақырыбында байқау ұйымдастырды. Оған университеттің алты факультетінің командалары қатысты. Іс-шараның басты мақсаты - ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттау.

Байқауға қатысушылардың басты міндеті қазақ ұлттық әдет-ғұрпының ерекшеліктерін көрсету болды. Мысалы, тарих, экономика және құқық факультенінің студенттері "сырға салу" құдалық тойы әдет-ғұрпын сахналады. Қазылар алқасының қойған жоғары бағаларына қарай олар бұл әдет-ғұрыпитың барлық ерекшеліктерін көрсете білді.

Іс-шара сахналық қойылымдардан басқа музыкалық нөмірлермен толықтырылды. Көрермендерге бай қазақ мәдениетінің ән-билері паш етілді.

Софья Васильева қазақ тілін жақсы меңгерген екен. Ол бұл байқау жастарға ерекше ықпал ететінін атап кетті. Олардың бойында қазақ халқы мәдениетін оқу қызығушылығы пайда болады.

Іс-шара соңында қазылар алқасының мүшелері студенттердің даярлығын бағалады. Байқау жеңімпаздары грамоталармен және құнды сыйлықтармен марапатталды.

08.12.2015