"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Танымның үш жолы бар: ең оңайы - еліктеу, ең ащысы - тәжрибе, ең мәртебелісі - ойлау.

Конфуций

Студенттік театрлар балаларға арналған жаңажылдық таңертеңгіліктер өткізді

Көбінесе Жаңа жыл мерекесіне балалар қуанады. Ұлдар мен қыздар түрлі костюмдер киіп, сыйлықтар алу үшін жыл бойы Аяз ата мен Ақшақарды күтеді. Жыл сайын оқу ордамызда университет қызметкерлерінің балаларына арналған жаңажылдық таңертеңгіліктер, сондай-ақ, қыс мезгілі тақырыбында суреттер сайысы өткізіледі. Әрбір сурет сапасы бойынша бағаланып, балаларына сыйлықтар беріледі.

Биыл балаларға студенттер "Лесная сказка" қойылымын ұсынды. Костюмді қойылым, ән мен би іс-шараның кішкентай қатысушыларын үлкен шаттыққа бөледі.

Балақайлар сайыстарға қуана қатысты, дәстүр бойынша олардың әрбіреуі тақпақ айтып берді.

Балаларға жаңажылдық көңіл-күйді СҚМУ студенттік театрлары сыйлады.

31.12.2015