"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.

Әл-Фараби

ЭБЕС кафедрасы қаламыздың кәсіпорындарының бас есепшілерін тартумен аймақтық диалог алаңын ұйымдастырды

Экономика, бухгалтерлік есеп және сервис кафедрасы студенттер мен қаламыздың кәсіпорындарының бас есепшілеріне арналған аймақтық диалог алаңын ұйымдастырды. Мақсаты - студенттерді кәсіби білімдеріне сәйкес тәжірибелік дағдылармен қамтамасыз ету, сондай-ақ, аталмыш саладағы өзекті әрі қызықтыратын сұрақтарын қою мүмкіндігін беру.

Мұндай кездесулер ұйымдастыру тіпті дәстүрге айналды, жұмыс берушілерге бос жұмыс орындарына үміткерлерді таңдау, ал студенттерге әлеуетті жұмыс берушілермен, жұмысқа орналасу талаптарымен және шарттарымен танысуға мүмкіндік береді. Мұндай іс-шаралар жастарға өз мүмкіндіктерін шынайы бағалауға және білім деңгейін өркендетуге мүмкіндік туғызатынын атап кеткен жөн.

08.02.2016