"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады.

Уильям Уорд

СҚМУ командасы Қазақстанның жоғары оқу орындарының VI Қысқы Универсиадасында үшінші орын алды

2016 жылдың 6-17 ақпан аралығында Алматы қаласында Қазақстанның жоғары оқу орындарының VI Қысқы Универсиадасы өтті.

Универсиада бағдарламасы 10 спорт түрінен тұрды: шыңғы жарысы, биатлон, президенттік көпсайыс, қысқы спорттық бағдарлау, тау шаңғы спорты, сноуборд, конькимен жүгіру, шаңғымен тұғырдан секіру, шорт-трек және шайбалы хоккей.

Жарыс қорытындысы бойынша ең көп медаль жинаған Қазақтың спорт және туризм академиясының студенттері болды. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты екінші орынды иеленді. Ал үшінші жалпакомандалық орынды Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері өзара бөлісті. 

18.02.2016