"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

...Түсінгендіктің шын белгісі-«иә» деген жауап емес, шәкірттің жүзіндегі қуаныш болып табылады.

Абу-ль-Фарадж ал-Исфахани

Университет студенттері "Әлемді өзгертетін идеялар" атты республикалық семинар-тренингке қатысты

Елбасы "Нұр Отан" партиясының XVI съезінде "100 нақты қадам" ұлт жоспарын жария етті. Ол 5 институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған. Оқу ордамызда қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар кешені бекітілді.

Бұл іс-шаралардың бірі ретінде оқу ордамыздың 20 студенті ҚР Тұңғыш Президенті Елбасының Кітапханасымен ұйымдастырылған "Әлемді өзгертетін идеялар" атты респубикалық семинар-тренингке қатысуын атапкетуге болады. Кітапхана аталмыш жобаны бүкіл республика бойынша жоғары оқу орындарының студенттері мен жоғары сынып оқушылары үшін өткен жылдың 1 қыркүйегінен жүзеге асыра бастап, ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін жалғастырмақ.

Семинар қатысушылары "100 нақты қадам" ұлт жоспарын жүзеге асыру сенімді болашағының кепілі, яғни Қазақстанның гүлденуінің шарты екендігін түсінеді. Мұндай талқылаулар университетімңздңғ барлық факультеттерінде ұйымдастырылады, себебі әлемді өзгертуге бағытталған "100 нақты қадам" ұлт жоспарын бүгінгі студент-жастар жүзеге асырады.

29.02.2016