Сөздәйектер галереясы
Оқу-білімсіз өнер де жоқ, ақын болу үшін де, болмаса басқа түрлі өнерпаз болу үшін де, ең алдымен білім керек.
Ғабит Мүсірепов
СҚМУ студенттері Республикалық шет тілдері бойынша пәндік олимпиадада жүлделі орындар алды
"Шетел тілі: екі шетел тілі" және "Аударма ісі" мамандықтарының студенттері 26-27 ақпанда Алматы қаласында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде өткен жыл сайынғы Республикалық "Шет тілдері" мамандықтары бойынша пәндік олимпиадаға қатысып қайтты.
Биыл неміс тілі бойынша I орынды ИЯ-12 тобының студенті Аида Махметова, ағылшын тілі бойынша ІІ орынды ИЯ-14 тобының студенті Серік Айнур, ал "Аударма ісі" мамандығының 4 курс студенті Герасименко Александр IV орынды иеленді. Студенттерімізді құттықтаймыз!!!
03.03.2016
