"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Жақсы ұстазға қандай қасиеттер тілеуге тиіспіз? Өзінің оқытатын пәнін терең білуді, адал да сезімтал жан дүниесі болуын...

Д.Дидро

ЖОО-да ашық әдістемелік алаң өткізілді

Оқу ордамызда Ғылым күндерінің аяқталуына орай "Педагогикалық серіктестік білім сапасын арттыру факторы ретінде" тақырыбында ашық әдістемелік алаң өткізілді. Аталмыш іс-шараны ұйымдастырушылар қатарында - "Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы СҚО бойынша БАИ, "Петропавл қаласы Білім бөлімі" ММ, "№8 Орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбиелеу мектеп-интернаты" КММ.

Бұл іс-шараға мектеп және университет оқытушылары қатысты. Алаңның жұмысы бірнеше бағыттар бойынша істеді: бастауыш білім беру, қоғамдық ғылымдар және өзін-өзі тану, жаратылыстану және нақты ғылымдар, тіл білімі секциялары. Эстетикалық және шығармашылық цикл пәнжерінің оқытушылары баяндамалар оқыды.

Педагогтер арасында тәжірибемен алмасу арқылы оқыту сапасының деңгейін арттыру - іс-шараның басты міндеті. "Біз әрдайым жаңаға ұмьтылуымыз керек, өз дағдыларымызды шыңдай түсіп, оқушыларымзды даярлаудың жаңа әдістемелерін әзірлеуіміз қажет", - дейді ашық алаңға қатысушылар. Іс-шара барысында жасалған ұсыныстар жаңа оқу жылында-ақ өз қолданыстарын табады.

06.06.2016