Сөздәйектер галереясы
Егер біздің қоғам дұрыс ұйымдастырылған болса, онда ғылымдардың ішіндегі ең маңыздысы педагогика болар еді, ал оның мақсаты әр балада өзіне тән және тек оған ғана тән асыл дарынын тауып, дамыту болар еді.
Көлік және машина жасау кафедрасының меңгерушісі Виталий Савинкин докторлық диссертациясын табысты қорғады
Инженерлік-техникалық факультеттің Көлік және машина жасау кафедрасының меңгерушісі Виталий Владимирович Савинкин «Развитие теории энергоэффективности одноковшовых экскаваторов» тақырыбында докторлық диссертацияны табысты қорғады. Қорғау Сібір мемлекеттік автомобильді-жол академиясында өтті. Жақын арада оған техника ғылымдарының докторы атағы тағайындалынады.
Виталий Владимирович оқу ордамызда 2004 жылдан қызмет етіп келеді. Осы уақыт ішінде өзін көреген жетекші әрі өз ісінің маманы ретінде көрсетті. Ол - СҚМУ-дың ең перспективті және көп үміт күттіретін қызметкерлердің бірі. Оған осы жылдың республикалық байқаудың қорытындысы бойынша "ЖОО үздік оқытушысы" атағы тағайындалды.
Оқу ордамыздың профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері Виталий Владимировичті диссертацияны табысты қорғауымен құттықтап, ғылым саласы бойынша жаңа биік белестерге жетуін тілейді!
