"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Білімді бір сауыттан екінші сауытқа құйғандай біреудің ділінен екінші біреудің діліне қотара салуға болмайды.

Платон

«Спорт пәндері және әскери тәрбие» кафедрасы түлектеріне ЖОО-ын аяқтағаны туралы дипломдар табысталды

ЖОО аяқтағаны туралы дипломдар салтанатты жағдайда табысталды. «Бастапқы әскери дайындау» мен «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтарының 94 түлегі жоғары білім туралы диплом алды. Соның ішінде 14 үздік диплом бар. Ғылыми жұмыс және сыртқы байланыс проректоры Л. С. Қайыржанова түлектерді бакалавр академиялық  дәреже алумен құттықтады. Оқытушылар мен ата-аналар мереке себепшілеріне таңдаған мамандықтарын меңгеруде табыс тіледі.

Түлектер өз тараптарынан жақсы сөзге сараңсымай, оқытушыларың жақсы білім, тәжірибе мен бауыр басқан университет қабырғасында сыйлаған жан жылуы үшін алғыс айтты.  

Ерекше студенттердің ата-аналарына алғыс хаттары табыс етілсе, оқу мен спортта табысқа жеткен студенттерге құрмет грамоталары берілді.

Марапатталған түлектер ішінде: М. Косинов, Р. Арсланов, А. Затаева, Е. Жузенов, С. Гладкая, И. Ильиных және т.б.

23.06.2016