Quotation gallery
One cannot guess how a word functions. One has to look at its use and learn from that. But the difficulty is to remove the prejudice which stands in the way of doing this. It is not a stupid prejudice.
Университетімізде шығармашылық емтихандар жүргізілуде
Осы аптада мектеп бітірген жастар университетіміздің қабырғасында шығармашылық емтихан тапсырды. Солардың бірі музыкалық білім жəне мəдени - тынығу жұмысы мамандығында білім алғысы келетін мектеп бітіруші түлектердің емтиханы. Сынақ барысында жастар классикалық туындыларды жəне халық əндерін орындады, және түрлі музыкалық аспаптарда ойнады. Жалпы музыкалық білім кафедрасында білім алғысы келетін жастар облысымызбен қатар, Көкшетау, Щучинск, Астана, Семей қалаларынан келген.
Жалпы шығармашылық мамандықтарға аталған сынақ 2-7 шілде аралығында өтеді. Жастар бастапқы әскери дайындық, музыкалық білім, дене шынықтыру және спорт, дизайн, журналистика, мәдени-тынығу жұмысы мамандықтарына түсу үшін емтихан тапсырды. Айта кету керек, шығармашылық мамандықтарға түсетін адамдар үшін тестілеудің мынадай екі пәні бойынша балдар ескеріледі: мемлекеттік немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы. Талапкерлер 2 шығармашылық емтихан тапсырады және емтихан бойынша максималды ұпай саны - 25.
