Сөздәйектер галереясы
Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді.
Педагогикалық факультетте "Шляпная эстафета" атты спорттық жарыс өтті
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында педагогикалық факультетте "Шляпная эстафета" атты спорттық жарыс өтті.
Жарыс 6 корпус спорт залында өткізілді. Жарысқа барлық факультеттердің бірінші курс студенттері қатысты.Эстафета қатысушылары оңайлықпен өз қабілеттерін көрсетті.
6 командаға спорттық және зияткерлік 6 байқау ұсынылды. Қатысушыларды студенттерден құрылған қатаң және тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Бұл күні педагогика және психология кафедрасының «Адреналин» командасы балалары жақсы дене дайындығын көрсетіп, жеңісті өз қоржындарына салды. Күрделілігіне қарамастан, қатысушылар қойылған мақсаттарына қиындықсыз қол жеткізді. Ал ойын қатысушылардың ғана емес, жанкүйерлер командасын да біріктірді.
