Сөздәйектер галереясы
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
«Ерекше мұқтаждығы бар оқушыларға арналған кедергісіз білім беру ортасын қалыптастыру» тақырыбында семинар-тренинг өтті
2016 жылдың 23 қыркүйек күні №1 ОК-ның акт залында «АРДОС-Жүрек мүгедектер бірлестігі» ЗТБ-мен ұйымдастырылған психологтар, қоғамдық мұғалімдер, инклюзивті білім беру оқытушылары, мұғалімдік мамандықтар студенттеріне арналған «Ерекше мұқтаждығы бар оқушыларға арналған кедергісіз білім беру ортасын қалыптастыру» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинар барысында мектептердегі инклюзивті білім беру мәселелері талқыланып, әдістемелік нұсқаулар берілген. Семинардың барлық қатысушылары сауалнамадан өткеннен кейін оларға сертификаттар табысталды
