Сөздәйектер галереясы
Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.
"Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім"фестивалі
28.09.2016ж. қазақ тілі кафедрасының ұйымдастыруымен № 5 корпустың акт залында ҚР халықтарының тілдер мерекесіне арналған «Тіл –тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты фестиваль болып өтті. Бұл фестивальге университетіміздің өнерпаз студенттері өз өнерлерін ортаға сала отырып, көрермендерді Қазақстан Республикасындағы тіл мәселесіне байланысты Ел Президентінің жүргізіп отырған саясатын қолдауға шақырды.Фестивальға қатысушыларды М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың тәрбие ісі жөніндегі проректоры М.М.Тайжанова, Тіл және әдебиет институты директоры Ж.С.Таласпаева құттықтады. Сонымен қатар, институт директоры былтырғы оқу жылында қазақ тілі кафедрасы ұйымдастырған іс-шараларға белсене қатысқан студенттерді алғыс хаттармен және "Болашақ" НұрОтан партиясының бағалы сыйлықтарымен марапаттады.
