25 қазан күні университетте М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Байқау кеңесінің екінші отырысы өтті. Отырыста келесі сұрақтар талқыланды:
- М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Байқау кеңесінің 2016-2017 жылдарға арналған құрылымы мен жұмыс жоспарын бекіту туралы.
- М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың 2016-2019 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары туралы.
- «М. Қозыбаев атындағы СҚМУ» ШЖҚ РМК-ның 2016 жылға арналған даму жоспарының» түзетулерін мақұлдау туралы.
- «М. Қозыбаев атындағы СҚМУ» ШЖҚ РМК-ның 2017-2021 жылдарға арналған даму жоспарын» мақұлдау туралы.
- Әртүрлі.
Байқау кеңесі мүшелерінің шешімі бойынша М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Байқау кеңесінің 2016-2019 жылдарға арналған құрылымы мен жұмыс жоспары және М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың стратегиялық даму жоспары бекітілді. Сонымен қатар, Байқау кеңесі даму жоспарларын да мақұлдап, бекітті.