Сөздәйектер галереясы
Мен барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін: балалардағы білімге деген талап, ынта, құштарлық отын сөндіріп алмаңдар. Еңбек қуанышы еңбеккер адамның мақтаныш сезімін осы оттың тұтанар бірден-бір көзі.
Университеттің денсаулық сақтау орнында тұмауды алдын алуға арналған вакциналау өткізілуде
Жылдың суық кездері келді. Онымен бірге жұқпалы аурулар уақыты басталды. Ауруларды алдын алу мақсатында университетіміздің денсаулық сақтау орнында тұмауды алдын алуға арналған вакциналау өткізілуде.
Әрине, ешбір адам ауруға шалдыққысы келмейді. Сол себептен денсаулық сақтау орны қазір студенттерге толы. Олардың барлығы өз денсаулықтарын күтеді, сондықтан вирусты алдын алуды ұйғарды. Тұмауға қарсы вакциналау екі кезеңде өткізіледі: алдымен студенттерге сұрақ қойылады, оларды тексереді, кейін ғана екпені қояды. Басқа медициналық препараттарға сияқты оған да қарсы көрсетімдер бар. Әр адам екпе қою, қоймауын өзі шешеді. Қазіргі таңда денсулық дәрі егуін 116 адам алды.
Дәрігерлердің айтуынша, тұмаудан ең жақсы қорғаныс – вакциналау. Оны еккеннен кейін адам ағзасы екі жұма бойы бір жыл әрекет ететін қорғаныс қарсы денелерін шығарады. Егер адам вакциналаудан кейін тұмауға шалдықса, ауру жеңіл түрде өтеді. Сонда да ағзаны сырқаттан сақтау үшін бұл жеткіліксіз. Салауатты өмір салтын ұстанып, ас үлесіне жемістер мен көкөністерді қосу керек.
