"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ештеңені білмейтін, ештеңені білуге талпынбайтын адамның жағдайы қиын. Өйткені оның бойында екі кесел бар: бірі-топастық, екіншісі-жалқаулық.

Платон

7 ақпанда ТжӘИ студенттік директораты "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жастардың көзқарасы" атты дөңгелек үстел өткізді

7 ақпан күні Тіл және әдебиет институтында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жастардың көзқарасы" атты дөңгелек үстел өтті. Ұйымдастырушы ТжӘИ студенттік директораты болды. Іс-шара барысында ТжӘИ директоры Жанар Серкешқызы Таласпаева, "Нұр Отан" партиясы "Болашақ" филиалы төрағасының бірінші орынбасары Александр Викторович Зель, "СҚО жастар бастамалары орталығы" КММ директоры Тимур Сайлаубекұлы Жұманов сөз сөйледі. Олар Жолдаудың негізгі ережелері және бағдарламалық құжатты орындаудағы студент жастардың рөлі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Кездесу еркін жағдайда өтті, бұл көрермендер мен спикерлердің тиімді диалогына ықпал етті.

09.02.2017