"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім.

Мұхтар Әуезов

Университетте уақытша тіркеуден өтпеген студенттермен кездесу өтті

20 ақпан күні М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да көші-қон полициясы бөлімінің өкілі Айтқожина Динара Сайлаубайқызы мен ЖОО паспортисті Ақжолова Бақыт Әлімтайқызының қатысуымен уақытша тіркеуден өтпеген студенттермен кездесу өтті. Студенттерге «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес уақытша тіркелу қажеттілігі түсіндірілді.

Студенттер уақытша тіркелу жөнінде қызықтырған сұрақтарына толық жауаптарын алды.

23.02.2017