"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Оқу-білімсіз өнер де жоқ... өнерпаз болу үшін де, ең алдымен білім керек.

Ғабит Мүсірепов

Университетте Елбасының жолдауын талқылау бойынша кезекті кездесу өтті

Университетімізде профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері арасында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстанның үшінші жаңғыруына арналған жолдауын талқылау бойынша кезекті кездесу өтті. Сондай-ақ, кездесуде «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Студенттер баяндамаларымен сөз сөйледі, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады, себебі Елбасымыздың әрбір үндеуі – бұл іс-әрекетке нұсқау ретінде қабылданатын ең маңызды стратегиялық бағдарламалық құжат.

Мұндай кездесулер – жас ұрпақ өміріндегі маңызды тәрбиелік сәт. Және елдің қазіргі жағдайы көрсетілген, алдағы міндеттер айқындалған жолдауды талқылау біздің көпұлтты республикамыздың барлық азаматтары үшін маңызды.

23.02.2017