Сөздәйектер галереясы
Басқалардың айтқанын қайталау үшін білімділік қажет; бұған дау айту үшін ми қажет
Мэри Петтибоун Пул
Студенттер эстафета ойындарына қатысты
Наурыз мерекесіне орай М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде эстафета ойындары өтті. Жарысқа математика, информатика және радиоэлектроника мен телекоммуникация мамандықтары бойынша студенттер қатысты. Спортшылар ойынға шын ниетпен беріліп, бірінші орын үшін бар күшін салып күресті. Жанкүйерлер де белсенділігін танытып, жастарға рух берді.
Эстафета қорытындысы бойынша үшінші орынға «Феникс» командасы ие болса, екінші орынды «Сұңқар» командасы ұтып алды. Ал бас жүлде «Интернационал» тобына берілді. Жарыс ұйымдастырушылары студенттерді құттықтап, дипломмен марапаттады.
Білім ордамызда эстафеталық ойындар дәстүрге айналды.
27.03.2017
