Quotation gallery
As the biggest library if it is in disorder is not as useful as a small but well-arranged one, so you may accumulate a vast amount of knowledge but it will be of far less value to you than a much smaller amount if you have not thought it over for yourself.
Халықты рухани тәрбиелеуде мұражайдың рөлі қандай?!
Мұражай – халықтың патриоттық сезімін қалыптастыру мен рухани тәрбиелеуге бағытталған бірде-бір жол. Бұл жайында білім ордамызда «Қазақстан халық ассамблеясы» кафедрасының ұйымдастыруымен ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Жиынға университет оқытушылары, мектеп мұғалімдері мен мұражай мамандары қатысты. Ұйымдастырушылар бұл шара тарихи-танымдық мекемелердің қызметін жетілдіру мақсатымен жасалған дейді.
Көпшіліктің санасын «Отандық мұражайлар Лувр не Эрмитаж деңгейіне жете ме?» деген сұрақ мазалайды. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының өкілдері бұл мәселеге назар аудару қажет дейді. Олардың айтуынша, тарихи мекемелердің қызметін жаңадан құрып, толықтырулар енгізу жөн. Бұл өз кезекте келушілерің санын арттырып, жастардың қызығушылығын оятады.
Мұражай тек тарихи дерек беруші ғана емес, рухани құндылықтарды насихаттауда және тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл беруі тиіс. Бұл өскелең ұрпақтың азамат ретінде қалыптасуына мол ықпал ете алады.
