"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Дұрыс сөздер көркем емес. Көркем сөздер сенімді емес. Жанашыр шешен емес. Шешеннің жанашыр болуы міндет емес. Білгір дәлелдемейді, дәлелдеуші білгір емес

Лао-Цзы

«Қазақ аруы - 2017» байқауы өтті

Білім ордамызда алғаш рет «Қазақ аруы - 2017»  байқауы өткізілді. Конкурстың шымылдығын университет ректоры Серік Өмірбаев ашты. Өз сөзінде ол қатысушыларға жылы лебізін білдіріп,  қыздарға сәттілік тіледі.

Байқауға әрбір кафедра атынан 10 таңдаулы қыз қатысты. Ақылына көркі сай хас сұлулар бар күшін салып, сахнада өз өнерін паш етті. Ұйымдастырушылардың айтуынша,  бұл байқаудың өткізілуіне студенттердің өздері өтініш білдірген екен.

Қазақ аруы атанамын деп келген қыздардың білімділігімен қатар тапқырлығы да сынға түсті. «Салтын сақтаған ару - халқын сақтайды» деген сайысында қатысушыларға қазақ халқының дәстүрін көрсетіп, образға кіру -  оңайға түскен жоқ.

Былтырғы жылмен салыстырғанда биылғы байқаудың талаптары жоғары болды. Қазылар алқасы сайыскерлерді қатал сынап, әділ шешім жасауға тырысты. Алайда барлық талапқа сай болған Қазақ аруы - 2017 журналистика факультетінің студенті Қаблаш Аяулым атанған.

Қазақ аруы сұлулар мен дарындылар конкурсы болып есептеледі. Бірақ байқау болғандықтан, дәстүр бойынша қатысушылар сұлулық жағынан ғана емес, ақылымен де таң қалдыруы тиіс.

04.04.2017