"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мен барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін: балалардағы білімге деген талап, ынта, құштарлық отын сөндіріп алмаңдар. Еңбек қуанышы еңбеккер адамның мақтаныш сезімін осы оттың тұтанар бірден-бір көзі.

В.А.Сухомлинский

«Болашақ» филиалының XVI конференциясы өтті

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Нұр Отан» партиясының «Болашақ» филиалының ұйымдастыруымен XVI конференция өтті.  Конференцияға студенттер мен оқытушылар қатарынан жүзге тарта делегат қатысты. Олардың көмегімен «Болашақ» филиалында саяси кеңестің құрамы және төрағасы қайта сайланды.  Сондай-ақ, 2015-2016 жылдардағы жұмыс бойынша қорытынды есебі берілді. Ал «Нұр Отан» партиясының «Болашақ» филиалының жаңа төрағасы ретінде М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры Серік Өмірбаев болып тағайындалған.

Жиын барысында «Нұр Отан» партиясының Солтүстік Қазақстан облысындағы филиал төрағасының бірінші орынбасары Артур Молдағұлов жағрапия  ғылымдарының кандидаты, доктор Мұқарам Тайжановаға ерең еңбек еткені үшін алғыс сөз білдірді.

«Болашақ» филиалы университетімізде 2005 жылдан бастап қызмет атқарады. Бүгінгі күнде территориялық ұйымның құрамында мың жарымға жуық партия мүшелері бар. Олардың басым бөлігін студенттер құрайды.

11.04.2017