Сөздәйектер галереясы
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
«Абылай хан резиденциясы» Мұражайлық кешенге экскурсия
Қазан айының 21-і «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» және «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандықтарының 1 курс студенттері «Абылай хан резиденциясы» Мұражайлық кешенге экскурсиямен барды. Аталған топтарда 18 студент "Серпін" бағдарламасы бойынша білім алады. Студенттер мұражайлық кешеннің 4 залында Абылай ханның өмірі және қоғамдық жұмысы жайлы танысты. Оған қоса, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңадан ашылған экспонаттық көрмеде Отырар қалашығында табылған ыдыс-аяқ және сәнді бұйым элементтерін тамашалады.
Кафедра ТМНДО
