"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Біреудің бойынан кемшілік іздеме - өнер ізде.

Құтып

Республикалық Work Shop STI

2017 жылғы қазанның 26-сы «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 4 курс студенттері «Бастапқы және мектепке дейінгі білім берудің теориясы мен әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Н.Т. Уалиевамен бірге химия-биология бағытындағы Петропавл қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінде  ұйымдастырылған «Бастапқы білім берудегі оқу үрдісін жоспарлауда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында Республикалық Work Shop STI іс-шарасына қатысты.

Іс шарада студенттер жаңартылған мазмұндағы білім беру жағдайында оқу үрдісін жоспарлаудың жаңа тәсілдері, бастауыш сыныптардағы сабақтарда нәтижелі әдіс-тәсілдер мен стратегиялар, формативті және суммативті бағалау әдісітері туралы ақпарат алды. Белсенді қатысқандары үшін оларға растаушы сертификаттар берілді.

Кафедра бжмдббтә
01.11.2017
Кафедра ТМНДО